25
октябрь
2019
"АЙТЫС СӨЗДІҢ МАЙДАНЫ"
Алматы қаласы Білім басқармасы мен №1 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен "Айтыс сөздің майданы" атты ақындар айтысы өтті. Бүгінгі жастарды ана тіліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бұл сайыс өз деңгейінде өтті. Айтысқа қала мектептерінен сөз дүлділі танылған талантты оқушылар қатысты. Алмалы ауданының атынан №2 Оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогы Мухамадиева Баян Жеңісқызының жетекшілігімен аталған Оқушылар үйінің тәрбиеленушісі, Ш.Смаханұлы атындағы №62 гимназия оқушысы Әділнұр Аружан қатысып, III-орынға ие болды.





