"Шахмат" үйірмесі » «№2 Оқушылар үйі
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"«№2 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 378-88-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 378-88-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Шахмат" үйірмесі
20
ноябрь
2019

"Шахмат" үйірмесі

Тәрбиеленушілерге  шахмат ойынын үйрету олардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға зор әсерін береді. Шахмат ойнай білетін бала аз уақытта ойын шоғырландырып, туындаған жағдаятты сараптауға дұрыс шешім шығаруға үйреніп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынады.
"Шахмат» үйірмесінің тәрбиеленушілерге  берері көп. Шахмат ойыны мен математика пәнін байланыстыра жұмыс жүргізсе, балалардың оқу үлгерімінің артуына, оқу материалдарын қабылдауға ықпалы зор.
«Шахмат» үйірмесінің бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған. Ойын әліппесі мен тактикасы толық қамтылған. Үйірме сабақтары баланың жеке қасиеттерін ашуға ықпал етеді.
Шахмат ойыны –балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахматқа үйретудің алғашқы баспалдақтарын көрсету- балаларды кеңістікке бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық-синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, іс-әрекетін болжауды дамытуға көмектеседі.Ол оқушылардың аз уақытта ойларын шоғырландыруына, жүйелеуге, туған жағдаятты сараптауға және шешім шығаруға үйретеді және алдына қойған мақсатына жетуге, төзімділікке тәрбиелейді. Адамның ойлау жүйесін дамыта түсуде математиканың маңызы зор. Ал шахмат ойыны математикамен тығыз байланысты. Математикалық білімді көтеруде шахмат ойынына үлкен мән беріледі.





Похожие публикации:

22 октябрь 2019 "Лего-клуб"
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив