Педагогтардың тәжірибе таратуы » «№2 Оқушылар үйі
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"«№2 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 378-88-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 378-88-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтардың тәжірибе таратуы
17
апрель
2025

Педагогтардың тәжірибе таратуы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Педагогтарды аттестаудан  өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес, Алматы қаласы білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының» 2025 жылғы 24 ақпандағы  №01/22/169  ақпараттық хатында көрсетілген, Алматы қаласы бойынша 2025 жылы «педагог-зерттеуші»  санатына тапсыратын/растайтын педагогтардың педагогикалық тәжірибесін тарату жоспары негізінде, № 2 Оқушылар үйі 16 сәуір күні  «Қосымша білім беруде инновацияларды енгізу, өнер мен білімді біріктіру» атты әдістемелік семинарды ұйымдастырып өткізді.
Мақсаты:қосымша білім беру ұйымдарындағы оқыту процесіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы өнер мен білімнің ықпалдасуын қамтамасыз ету, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Осыған орай, семинар барысында № 2 Оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогтары Б.М.Лекерова, Г.Ш.Тауышова Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» МКК  сараптама кеңесімен бекітілген «Қосымша білім беру саласындағы тіл дамыту», «Малдас құрып отырғанда домбырамен ән айтудың денсаулыққа әсері» тақырыптарындағы авторлық бағдарламаларымен бөлісіп, тәжірибе таратты.
Семинарға Алатау аудыны, Бостандық ауданы, Түркісіб ауданы, Медеу ауданы және Алмалы ауданының қосымша білім беру педагогтары қатысты.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив