19
декабрь
2019
CRAND PREMIUM
Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында CRAND PREMIUM V-Халықаралық шығармашылық конкурс-фестивалі болып өтті. Фестивальге көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерінен келген өнерлі балалар мен жасөспірімдер түрлі номинацияларда өнер көрсетіп, сайысқа түсті. Алматы қаласы білім басқармасының №2 Оқушылар үйінен қосымша білім беру педагогы Мухамадиева Баян Женисовнаның жетекшілігімен Кәусар Жеңіс қатысып, көркем сөз номинациясы бойынша I-жүлделі орынға ие болды және Серікбаева Дильназ "кескіндеме" номинация бойынша I-орынға иеленді.



