«Достық» жазғы балаларды дамыту клубының ашылуы
Бүгін Алматы қаласының Білім басқармасының «№2 Оқушылар үйінде» күндізгі «Достық» жазғы балаларды дамыту клубы өз жұмысын бастады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмтылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алатын сөзсіз. Осы мақсатта «Достық» жазғы балаларды дамыту клубының ашылу салтанатында қатысушылары үшін театрландырылған қойылым мен концерт ұйымдастырылды. Зал балалардың көңілді күлкісіне толы болды, үйірме тәрбиеленушілерінің орындауында билер, әсем әндер шырқалды. «Бала күлкіге тоймас» дегендей, балалар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып көңілді күйде үйлеріне қайтты.
#Алматы
#Almaty
#летовдопобразовании2023,
#жаз_қосымшабілімберу2023,
#Zhazqosymshabilim2023
#rumcdo_official
#домшкольников2
https://www.instagram.com/reel/CtG0msPgsUn/?igshid=MzRlODBiNWFlZA



