"Ақ шағала" аудандық фестиваль-байқауы
Алматы қаласы білім басқармасының № 2 Оқушылар үйінің әкімшілігінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы 9 ақпанда "№2 Оқушылар үйі" МКҚК-да жыл сайынғы дәстүрлі "Ақ шағала" аудандық хореографиялық фестиваль-байқау өтті.
Дәстүрлі байқау хореография өнері дәстүрінің дамуына жағдай жасау, талантты ұжымдарды анықтау және оларға демеу жасау, балалар хореографиялық ұжымының шығармашылық қарым-қатынас ортасын құру мақсатында ұйымдастырылды.
"Ақ шағала" аудандық хореографиялық фестиваль-конкурсына Алмалы ауданының мектеп, лицей, гимназия, би ұжымдарының оқушылары қатысты. Лық толы зал көрермендері әртүрлі би жанрларының нөмірлерін тамашалады.
Байқау балалар мен жасөспірімдердің көптеген таланттары мен өнерлі ұжымдарын көрсететін үлкен өнер мерекесіне айналды.

