22
октябрь
2022
"Ұлттық мереке – 25 қазан Республика күні"
Биыл 25 қазанда Республика күні елімізде ұлттық мереке ретінде аталып өтеді.
Ұлттық мереке – 25 қазан Республика күні қарсаңында «№2 Оқушылар үйінде» әкімшіліктің ұйымдастыруымен «Егемен Елдің - ертеңіміз» тақырыбында мерекелік концерт өтті. «Қыран – елім Қазақстаным» тақырыбында тәрбиеленушілер арасында интеллектуалды викторина өтті және балалар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Қолданбалы қолөнер үйірмелерінің тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі жасалды.
Құрметті әріптестер, сіздерді Ұлттық мереке – 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Творчестволық табыстар тілейміз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

