Көңілді жаз » «№2 Оқушылар үйі
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"«№2 Оқушылар үйі"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 378-88-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 378-88-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
июнь
2023

Көңілді жаз

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №2 Оқушылар үйінде жазғы маусымда балалардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі үйірмелер және "Достық" жазғы балаларды дамыту клубының жұмысы ұйымдастырылған. Педагогтар жазғы маусымда балалардың әр күнін қызықты етіп ойластырып, жаз уақытында балалардың тек ғана демалып қана қоймай,жан жақты дамып, денсаулықтарын молайтып,білімдері мен біліктіліктерін де арттыру үшін түрлі үйірмелер мен жазғы балаларды дамыту клубы өз жұмысын жүргізуде. «Бала күлкіге тоймас» дегендей, балалар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып, әртүрлі іс-шаралар мен спорттық ойындарға, әртүрлі жарыстар, сөз жұмбақ сайыстарға қатысып, бір мезгіл балдырғандар сурет салып, музыкалық, спорттық, шығармашылық және интеллектуалдық сайыстарға да белсене қатысты. Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда. Осылайша №2 Оқушылар үйінің жазғы маусымының әр күні мәнді де сәнді өтуде.

В целях эффективного использования детского времени в летний сезон в Доме школьников №2 организованы различные кружки и работа летнего детского развивающего клуба «Достык». Администрация и воспитатели проводят летний досуг детей интересным, чтобы дети не только отдыхали, но и всесторонне развивались, укрепляли здоровье, совершенствовали свои знания и творческие способности. Дети активно участвуют в музыкальных, спортивных, творческих и интеллектуальных конкурсах, в кружках рисуют, танцуют и поют. Каждый день летнего сезона Дома школьников №2 проходит с интересом и весельем.

https://www.instagram.com/reel/CtdRJ2YA9fC/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

#Алматы
 
#Almaty
 
#летовдопобразовании2023
 
#жаз_қосымшабілімберу2023
 
#Zhazqosymshabilim2023
 
#rumcdo_oficial
 
#домшкольников2


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив