"ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР" жылдық есеп беру концерті
МКҚК «№2 Оқушылар үйінде» 2024 жылдың 11 мамырында «Өнерге қанат қаққандар» атты жылдық есеп беру концерті жоғары дәрежеде өтті. Концерт залы Оқушылар үйінің қорытынды кешін тамашалауға келген ата-аналармен қоса оқушыларға лық толды. Алғашқы сөз кезегін Оқушылар үйінің негізін қалаған 35 жыл директор болған, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ы. Алтынсарин атындағы медаль иегері, Еңбек ардагері Елена Альбертқызы Диароваға берілді. Салтанатты шара барысында көрермендер назарына алдымен өнерпаздардың әзірлеген сазды бағдарламасы ұсынылды. Кештің шымылдығын «Серпін» домбырашылар ансамблінің және «Дәстүрлі домбыра» добырашылар ансамблінің жетекшілері Ошақбаева Жанар Бейсеновна және Сагиндыкова Ольга Валерьевна жетекшілігімен өнерлі өрендерден құралған ансамблдің орындауындағы Құрманғазының «Балбырауын» күйімен ашылып, халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары «Махаббат» домбырашылар ансамблі секілді өнерлі өрендердің орындауындағы халық әндері және қалалық «Ақ шағала» фестиваль-байқауының «Бас жүлде» иегерлері «Наргиз» би ансамблінің би топтамаларымен, «Балдәурен» хор тобының, «Қазақ әндерінен попури» орындаушы ұлдар тобын әндерімен жалғасын тапты.
Бұдан соң мінберге көтерілген аталмыш Оқушылар үйінің директоры барша жиналғандарды кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтап, өнерлі өрендердің ата-аналарына ыстық ықыласын жеткізді.












